Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2020 жылғы 31 қаңтарда сағат 15.00-де Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 66-үйдің 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Сессияның күн тәртібінің жобасы:
- Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Қостанай қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы.
- Қостанай облысының Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Димитров атындағы № 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қостанай облысының Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы № 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі етіп қайта атау туралы.
- Қостанай облысының Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімін беру туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының қатарынан Қостанай облысы Тексеру комиссиясының төрағасын бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы.
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.