Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті XV сессиясы өтті

 

2019 жылғы 14 тамызда облыстық мәслихаттың депутаты А.І. Дощанованың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті XV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Облыстың Қоғамдық кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның негізгі мәселесі: Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы. Сессияда барлығы 4 мәселе қаралды.

Сессияның бірінші негізгі мәселесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е. Ж. Әбдукәрімов сөз сөйледі.

Баяндамашының ақпараты бойынша Қостанай облысында мемлекеттік қызметтерді 13 облыстық басқарма, облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері көрсетеді. Бұл мекемелер 181 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, транспарентті және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, сондай-ақ халық үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігі қағидатын қалыптастыру бөлігінде ағымдағы жылдың 13 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді көрсету, мүдделі мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын консультация беру, қабылдау және өңдеу үшін «Ашық әкімдік» алаңы ұйымдастырылды.

«Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің артықшылығы мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ ағымдағы өтініштерге жауап алу кезінде кедергісіз кеңістікте болып табылады.

Бұл ретте келушілерге ресепшн-ға қолайлы жағдай жасалған, азаматтарды күтуге арналған орындар, әкім және оның орынбасарлары азаматтарды қабылдайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының фронт-офисін үйлестіру басқармасының басшысы А. Ж. Наурызбаева сөз сөйледі. Баяндамашы атап өткендей, Үкімет жұмыс істеген уақытта азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 530-дан 634-ке дейін өсті.

Бүгінгі күні Үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады және Тізілімде бар 742 Мемлекеттік қызметтің 634-ін көрсетеді. Бұл 85 % – дан астам. Бұл ретте электронды форматқа толығымен 531 мемлекеттік қызмет ауыстырылды. Бұл мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 71% – дан астамы. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың соңына қарай олардың үлесі 80% – ға дейін жеткізіледі, ал 2020 жылдың соңына қарай -90% – ға жетуі тиіс.

Негізгі мәселені егжей-тегжейлі зерделеу үшін мәслихаттың тұрақты комиссиялары Жаманбалин Қадырғали Қоныспайұлы мен Татьяна Борисовна Булгацевич төрағалық ететін осы мәселені алдын ала қарау бойынша нақты жұмыстар жүргізгенін атап өту қажет. Облыс әкімдігінің бейінді басқармаларының есептері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және басқа да мүдделі ұйымдар өкілдерінің сөз сөйлеуі тыңдалды, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарының Қостанай қаласы аумағындағы объектілерге баруы болды. Осы тақырып аясында депутаттар Е. А. Әбіл, Н. А. Өтеулин және Қ. Қ. Жаманбалин Қостанай қаласының № 1 бөлімі мен мамандандырылған ХҚКО барды, ал комиссия Т. Б. Булгацевич төрағалық етуімен денсаулық сақтау саласының бірқатар объектілеріне барды: «Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК және «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК. Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары: Е. В. Смышляева, И. Н. Дмитриева, Т. Е. Кайкенов, С. В. Шанина, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. А. Жаныспаев қатысты.

Сессияда тұрақты комиссияның төрайымы Т. Б. Булгацевич баяндама жасай отырып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар санын арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың қызметкерлері Электрондық үкімет порталы, ДамуМед медициналық ақпараттық жүйесі арқылы қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізетініне назар аударды.

«Қостанай облыстық ауруханасы» КМК депутаттар қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырумен танысты. Бас дәрігер Ю. С. Моисеев құжаттарды ресімдеу, аурухананың құрылымдық бөлімшелеріне тексеруге жолдама беру қалай жүргізілетінін хабардар етті. ОКС (триаж, қызыл аймақ, операциялық, ангиограф) бар пациенттің маршрутизациясы көрсетілді, ҚМИС (Кардиологиялық бөлімше және жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесі) арқылы кардиологиялық орталықтың жұмысы көрнекі көрсетілді.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген медициналық мекемеде компьютерлік паркін жаңарту қажеттілігі бар. Әсіресе, медициналық жабдықтың негізгі бөлігі – сандық форматты қолдамайтын аналогты және медициналық ақпараттық жүйеге деректерді енгізу үшін цифрлау жабдығы қажет екендігі атап өтілді. Моральдық және физикалық ескірген 100% тозған ұйымдастыру техникасы жаңартуды талап етеді, бұл мақсаттарға қосымша бюджет қаражаты қажет.

Жалпы, депутаттар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлы түрде алға жылжып келе жатқанын атап өтті. Мәселелерді қарау қорытындылары бойынша депутаттар Қостанай облысында бағдарламаны одан әрі дамыту бойынша кеңестер берді.