Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.

Оған облыстық мәслихат депутаттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, департаменттердің, облыстық басқармалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста «Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы» мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша «ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысы        О.К. Қаппасов, жалпы облыс бойынша колледждерді бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан және мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып шыққан түлектердің үлесі 74,6%-ті құрағанын, бұл 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы мәнінен асып түсетінін атап өтті.

21 колледжде, оның ішінде 3-уі – жеке, жұмысқа орналасқандардың үлесі 64%-тен асады. Жұмысқа орналасудың ең жоғары көрсеткіші Қостанай автомобиль көлігі колледжінде – шамамен 94%.

Жұмысқа орналасқандардың ең төмен үлесі 40%-тен 49%-ке дейін мемлекеттік меншік нысанындағы 4 колледжде байқалады: Рудный музыкалық колледжі – 48%; Лисаков техникалық колледжі – 46%; Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі – 44% және облыс бойынша жұмысқа орналастырудың ең төмен көрсеткіші – Рудный құрылыс және көлік колледжінде – 43%.

Алайда, талқылау барысында мұның объективті себептері бар екені анықталды: колледж оқушылары жоғары оқу орындарына түседі, ер балаларды әскерге шақырады, қыздар декретке кетеді.

Сондай-ақ, сөз сөйлеуші өз баяндамасында түлектердің жұмысқа орналасуына әсер ететін колледждердің проблемаларын атап өтті.

ТжКОБКБ саласындағы проблемалардың бірі, оның айтуынша,  мамандықтардың, оның ішінде еңбек нарығында талап етілмеген мамандықтардың қайталануы.

Облыстың ТжКОБКББ-ның бірнеше ұйымдарында даярлау жүзеге асырылатын жекелеген мамандықтар мен біліктіліктердің қайталануы, еңбек нарығында осы мамандардың көбейіп кетуіне әкелуі мүмкін. Мысалға, «Заң кеңесшісі» біліктілігі бойынша. Сонымен қатар, заң кеңесшілерін даярлау қажеттілігі еңбек нарығында кадрларға қажеттілікпен анықталмайды, мұны осы біліктілік бойынша жұмысқа орналасқан күндізгі оқу нысанын бітірушілердің 60% құраған үлесінің көрсеткіші дәлелдейді. Сондай-ақ, кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз етпейтін колледждердің ескірген материалдық-техникалық базасы да проблемалардың қатарына жатқызылды. Мамандардың айтуынша, көптеген жылдар бойы қымбат жабдықты сатып алу жүргізілген жоқ. Қорытындысында – білім алушылардың білімі практикалық дағдылармен және машықтармен нығайтылмайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.С. Айсин 2019 жылғы түлектермен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысқа орналасудың оң динамикасы (5%-ке жоғары) байқалатындығын, сондай-ақ республика көрсеткішінен 11%-ке жоғары екенін атап өтті.

ТжКОБКБ ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері білім басқармасының, облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) өзгерістер енгізуде, соның негізінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде түлектердің жұмысқа орналасуы ғана емес, олардың жұмыспен қамтылуы да ескерілетін болады.

Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.И. Жүсіпова өзінің Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі үлгісінде колледж түлектерін жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру жолдарын атады.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар жұмысқа орналасқандардың үлесі төмен колледж директорларын тыңдады.

Барлық сөз сөйлеушілер жұмысқа орналастыру процентінің төмендігі жөнінен барлығына бірдей проблеманы атады – бұл оқушыларға оқуларын аяқтап шығуларына мүмкіндік берілмейтіндігі. Олар диплом алмай жатып әскерге шақырылушы болады. Бұл жұмысқа орналасу көрсеткішіне әсер етеді. Әскерден кейін олар енді оқу орындарына оралмайды. Сондай-ақ, көрсеткішке жоғары оқу орнында оқуын жалғастырған оқушылар кірмейді.

Мәслихат депутаттары барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар әзірледі және орталық мемлекеттік органдарға жіберді.

Жоспардан тыс отырыстың бастамашысы О.К. Қаппасов отырысты қорытындылау кезінде облыстық мәслихат депутаттарына және барлық қатысушыларға сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді және білім беру жүйесінің проблемалық өрісіндегі жағдайдың өзгеретіндігіне үмітінің барлығын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдары бар қаулы қабылданды. Барлық мәселелерді депутаттар бақылауына алды.