Ағымдағы жылғы 7 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты А.Б. Жансугурованың төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай ауданындағы білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің материалдық – техникалық жай-күйі туралы» мәселе қаралды.

Комиссия жұмысына Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы, облыстық басқармалар мен аудандық білім, мәдениет және спорт бөлімдерінің, Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының өкілдері, БАҚ қатысты.

Отырыста мемлекеттік органдардың өкілдері тұрақты комиссия мүшелерімен бірлесіп Қостанай ауданындағы білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің материалдық – техникалық жай-күйі мәселесін белсенді түрде талқылады.

Күрделі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты өткен жыл қызметтің барлық салалары үшін оңай болған жоқ. Іс жүзінде барлығы өз жобаларын интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде іске асырды.

Қиындықтарға қарамастан, жалпы ауданда барлық алға қойылған міндеттерге қол жеткізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Компьютерлік техниканың ескірген базасына, интернетке қолжетімділіктің болмауына, ауданның ауылдық округтеріндегі мектептерге балаларды тасымалдау үшін автобустар сатып алуға қатысты проблемалық мәселелер айтылды.  Сондай-ақ, мәдениет саласында сахналық костюмдерді жаңарту қажеттілігі бар.

Жеке құрылыс қарқынының кеңеюіне және Заречный ауылында оқушылар контингентінің ұлғаюына байланысты мемлекеттік тілде оқытатын мектеп салу қажеттігі туындады.

Аталған проблемалар шешуді талап етеді.

Барлық мәселелерді депутаттар бақылауына алды.