Жаңа оқу жылы қарсаңында осы жылғы  тамыздың 27  облыстық мәслихаттың депутаттары Серәлі Тәжібайұлы, Манат Карбозов және облыстық кәсіподақтар ұйымы төрайымының орынбасары Ерлан Серікұлы, “Сенім” қоғамдық бірлестігі, облыстық кәсіподақ ұйымы төрайымының орынбасары Дина Сәкенқызы арнайы жұмыс бабымен ауданымызға келді. Қайырымды істің қамқоршысы болған халық қалаулылары алдымен Жаркөл ауылдық округіне аялдады. Сол ауылдың тұрғыны, тілсіз жаудың (өрттің) құрбаны болған марқұм Текебай Әбдібекұлының шаңырағына ат басын бұрып, жанұясының хал – жағдайын сұрасты. Қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған отанасы Сайлаугүл меймандарды жылы – шұрай қарсы алып, қонақ бөлмеге кіргізді. Облыстық  мәслихаттың депутаттары келгендегі басты мәселені айтып, балаларына базарлық жасап, оқу құралдарын, мектеп формаларын тапсырып, азық – түлікпен қамтыды. Шеттей жеті баласымен шарасыз қалған ана екі жыл қатарынан көмек беріп, қамқорлық танытқан халық қалауларына аналық алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Жанарларына қуаныш ұялаған балалар енді мектептке именбей баратын болды. Депутаттар бұл үрдіс алдағы жылы да өз жалғасын табатынды деп сенім білдірді.

Хош, сонымен облыстық мәслихаттың депутаты Манат Кәкімжанұлы “Нұр Отан” партиясы Жангелдин аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Жергілікті тұрғындарын күрмеуі шешілмей жүрген мәселелерді алға тартты. Оның ішінде еңбекақысын ала алмай жүрген жергілікті екі тұрғын шағым айтып, көмек сұрады. Олар бұған дейін келісім шартсыз жеке фирмаларға мерзімдік жұмысқа тұрған. Ал, жұмыс беруші тарап, ауызша келіскен еңбекақысын толық төлемеген. Тұрғындардың арыз шағымдарын бастан аяқ тыңдаған халық қалаулысы, мәселенің мән ісін заң органдары арқылы шешіп беретіндігін айтты.

 

                                                                                                                                                                                                                 Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

                                                                                                                                                                                                                 Жанкелдин ауданы