Жыл сайын дәстүрлі түрде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Ещановтың бастамасымен, облыстық мәслихаттың депутаттары тілсіз жаудың құрбаны болған марқұм Текебай Оралбаевтың отбасына көмек көрсетіп келеді. Биыл тағы осы игілікті бастама жалғасын тапты. Кеше дүйсенбі күні облыстық мәслихаттың депутаты Манат Карбозов арнайы Тәуіш ауылына келді. Ол аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазинді, округ әкімі Әмір Қонысбаевты және Қаратүбек орта мектебінің директоры Мәжит Садвақасовты ертіп, шаңырағына барды. Күнделікті күйбен тірліктерімен танысты. Мектеп қабырғасында оқитын төрт баланың жағдайларын сұрасып, келу мақсатындағы басты себебін айтты. Сонымен қатар, халық қалаулыларының сәлемдемесін жеткізді. Мектеп жасындағы балаларға қысқы киім және компютер табыс етті.

сезінген балалардың жанарларына қуаныш ұялап, мәре – сәре болды. Артында қалған жеті баласын жеткізу үшін Сайлагүл Әбдікен аналық парызымен қоса әкелік міндетті де өз мойына жүктеген. Ел қатарынан қалдырмай жеткізсем деген арманы бар. Үлкен қызы Арқалық қалалық ауруханасында қызмет жасайды. Ұлдың үлкені Семей қаласында Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бір қызы студент. Болашақ медицина саласының қызметкері. Халық үніне құлақ асатын депутаттарға аналық алғысын жеткізді. Жергілікті мәслихат хатшысы Серік Бағдаұлы аудан әкімдігінің атынан Манат Кәкімжанұлына және облыстық мәслихаттың депутаттарына шексіз алғысын жеткізді. Жаркөл ауылдық округінің әкімі Әмір Қонысбайұлы, мектеп директоры Мәжит Ғазезұлы ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымының тілектестіктерін білдіріп, абыройлы қызметтеріне табыс тіледі.

«Тоғай» газеті Жангелді ауданы

Ахметбеков Б.

20.10.2020 ж.