Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2020 жылғы 09 маусымда БКБ режимінде өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер:
- Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 356 «Қостанай облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 279 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат тел. 575603 бойынша