Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы) 2018 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы күн тәртібінің жобасы
- Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
- Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Қостанай облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы.
- Қостанай облысы шегіндегі 2019-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы.
- Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.
- Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы №76 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 қаулысы және мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті ХІІ-сессия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
- Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХІІІ сессиясының Күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2018 жылғы жұмыс нәтижелері туралы.