Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2019 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы
- Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №347 «Қостанай облысының 2019 – 2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Мәслихаттың 2015 жылғы 14 қазандағы №455 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 239 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қостанай облысының үдемелі индустриялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.