Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2019 жылғы 14 маусымда сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы
- Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы.
- Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы.
- Облыстық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен наградтау туралы.