Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысында мемлекеттік қызмет саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы) 2019 жылғы 14 тамызда сағат 10.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 8 -қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен сессиясы күн тәртібінің жобасы
- Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер саласындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
- «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 392 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезекті ХV сессиясы төрайымының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
- Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХVІ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.