Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 09.00 мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби данңғылы., 66-үйдің, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді».
- Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №347 «Қостанай облысының 2019 – 2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
- Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.
- Мәслихаттың 2014 жылғы 4 сәуірдегі №272 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сараптамалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі №176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.