Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы) 2020 жылғы 27 мамырда сағат 11.00-де Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 66 мекенжайы бойынша 6-қабаттағы мәжіліс залында БКБ режимінде өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер:

  1. Қостанай облысының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы.
  2. Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлем ставкаларын бекіту туралы.
  4. Мәслихаттың 2016 жылғы 25 шілдедегі № 60 «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 332 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті ХVІІІ сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктерін орындауы туралы есебі.
  8. Қостанай облыстық мәслихатының кезекті ХІХ сессиясының күн тәртібі және оның төрағасын сайлау туралы.

Анықтама үшін тел. 575603