Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы) 2018 жылғы 10 қазанда сағат 11.00-де мына мекен-жайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің, 8-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы
Мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 213 «Қостанай облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
- «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 13 және Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 304 бірлескен қаулысы мен шешімінің күшін жою туралы.
- Мәслихаттың 2016 жылғы 24 наурыздағы № 5 «Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.