«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты Қостанай облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы жеті адамнан құралады.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары тұрғандар 2018 жылғы 30  қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

  1. сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы белгіленген нысан бойынша мәліметтер;
  2. саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
  3. саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы    нысан бойынша жіберілген өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Маслихатқа қағаз жүзінде ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, оның аты-жөні және телефоны көрсетілген болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.


Қостанай облыстық мәслихаты

Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы – Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов.

Жауапты тұлға– Кәкімова Салтанат Сәбитбекқызы 8 (7142) 391678, 8 705 21532 80,  факс 53 03 10, электрондық пошта адресі oblmaslihat@kostanay.gov.kz.