2019 жылғы 24 мамырда Т. Б. Булгацевичтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Рудный қаласына көшпелі отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібі: «Рудный қаласында отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету».

 

Анықтама телефондары: 575600, 575603.