2021 жылғы 15 қаңтарда Қостанай облыстық мәслихатында жетінші шақырылымның бірінші сессиясы өтті, онда Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Ю. Малашко жаңадан сайланған депутаттарға құжаттарын берді.

Мәслихат құрамына «Nur Otan» партиясының 27, «Ақ жол» және «Ауыл» партияларынан үш-үштен өкілі кірді.

Сессия төрайымы болып Г.А. Капенова сайланғаннан кейін Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы болып С. Ещанов сайланды.  Төрт тұрақты комиссия құрылды, олардың құрамы бекітілді және олардың төрағалары сайланды.

«Мәслихат құрамы жасарып, жаңа адамдар пайда болды. Олар үйлесімді жұмыс істейтін болады, дауласуларр болады, бірақ дауласулардан шындық туады. Жемісті жұмыс тілеймін», – деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.