2021 жылғы 28 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты                       К.С. Жанбыршинаның төрайымдылығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, Қостанай қаласының әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысты.

Карантин шараларының ұзартылуына байланысты сессия әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен қашықтықтан режимінде өткізілді.

Қостанай қаласының қалалық және қала маңындағы маршруттарын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу мәселесі бойынша Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Қасымов сөз сөйледі. Өз баяндамасында       А.Т. Қасымов қалалық маршруттарға қызмет көрсету шығыстарының артуына орай жолаушылар тасымалының рентабельділігі төмендегенін, бұл көптеген маршруттардың жабылуына әкеліп соққанын хабардар етті. Бұл проблеманың алдын алу үшін кейіннен субсидиялай отырып, рентабельді емес маршруттарды әлеуметтік маңызы бар маршруттар деп тану қажет.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.