2019 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің қатысуымен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысы К. К. Жаманбалин мен Т. Б. Булгацевичтің төрағалығымен өтті.

Отырыс жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е. М. Спанов, тұрақты комиссиялардың төрағалары және облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің, департаменттердің, облыс әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінің және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе болды: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыруға қатысты ұсынысын қарау және «Қостанай облысында жерлеу және зираттарды күту жөніндегі істі ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» шешім жобасын алдын ала қарау туралы.

Екі мәселе де ағымдағы жылдың 7 тамызында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралғанын атап өткім келеді. Оның қорытындысы бойынша оларға сұрақтарды пысықтау ұсынылды. Мемлекеттік мекемелер облыстық мәслихат депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескеріп, тиісті шаралар қабылдады.

Бірінші негізгі мәселе бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. А. Шаимов сөз сөйледі.

             Өз баяндамасында ол экологиялық ортаны жақсарту әрқашан Елбасы саясатының басымдығы болғанын атап өтті. Бірінші Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуынша: «Елде экологиялық бақылау әлсіз, сондықтан заңнамаға сәйкес, ластайтындардың барлығына қойылатын талаптарды арттыру қажет».

Президент Қ. Ж. Тоқаев биылғы Жолдауында экологияны жақсарту, энергияның қайта жаңартылатын көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту бойынша жұмысты жандандырудың маңыздылығын атап өтті,осыған байланысты Үкіметке тиісті тапсырма берді.

Бүгінгі күні өзекті мәселені талқылауға Қоғамдық кеңестің өкілдері А. А. Әлімбаев, М. С. Жутаев, жұмыс тобының мүшелері: «Варваринское» АҚ бас экологы С. Е. Ким, Лисаков қаласының «Өркен» ЖШС бас техникалық басшысы В. А. Кистанов белсенді қатысты. . Барлық толғандыратын сұрақтарға облыс әкімінің орынбасары Е. М. Спановпен және мемлекеттік мекеме басшысы М. А. Шаимовпен сауатты және білікті жауаптар берілді.

Қостанай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Д. К. Аскаров жерлеудің Қағидаларын бекіту және зираттарды күту бойынша істі ұйымдастыруға қатысты екінші маңызды мәселе бойынша сөз сөйледі.

Оның пікірінше, барлық құжаттар мұқият пысықталып, депутаттардың ескертулері мен тілектері ескерілді. Сондай-ақ олар осындай құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді, сондықтан оларды сессияға шығаруды ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.