2019 жылғы 15 мамырда облыстық мәслихаттың депутаты А. К. Сергеевтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының  кезекті XIV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещанов, облыс әкімінің орынбасары Е. М. Спанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Облыстың Қоғамдық кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның негізгі мәселесі: Қостанай облысының 2018 жылғы облыстық бюджетін орындау. Сессияда барлығы 9 мәселе қаралды.

Алдын ала қарауды талап ететін мәселелер А. У. Байғабеловтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы А. А. Жүсіпова және Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Д. А. Костюков сөз сөйледі.

А. А. Жүсіпова өз баяндамасында 2017 жылмен салыстырғанда түсімдер 10,6 млрд. теңгеге ұлғайғанын атап өтті бұл облыс экономикасының дамуын көрсетеді. Тиісінше, облыстық бюджеттің шығыстары өткен есепті жылмен салыстырғанда 11,3 млрд.теңгеге ұлғайды.    2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп белгіленген мерзімде Қаржы министрлігіне ұсынылды және ескертулерсіз толық көлемде қабылданды.

Тексеру комиссиясының төрағасы Д. А. Костюков бюджетті сапалы атқару – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдында, сондай-ақ бақылаушы органның алдында тұрған жалпы міндет, сондықтан комиссияның бірінші кезектегі міндеті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қызметкерлердің кәсібилігін және мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдауда көмек көрсету болып табылатынын атап өтті. 2018 жылдың 12 айында аудит объектілеріне 238 ұсыныс және 417 тапсырма берілді, оның ішінде 197 ұсыныс, 263 тапсырма орындалды.

Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы баяндамамен Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г. Г. Мұсағазина сөз сөйледі. Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі босатылған қаражатты қайта бөлу және Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеу, сондай-ақ облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы болды. Бұл қаражатты бірінші кезектегі шығындарға бағыттау ұсынылды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты сессияда кейбір консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды.

Сессияға енгізілген барлық шешімдердің жобалары бірауыздан бекітілді.

Сөз соңында депутаттар алдында Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов сөз сөйледі, ол өңірдің даму перспективалары, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне қандай қолдау көрсетілетінін айтты.