Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы (негізгі мәселе: Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы) 2019 жылғы 5 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжайда: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66-үйдің, 4-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы

  1. «Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы».
  2. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 ақпандағы №498 «Қостанай облыстық Қоғамдық кеңес туралы ережесінің бекітілуі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы №502 «Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесіндегі өзгерістерін келісу туралы