2020 жылғы 21 ақпанда Қостанай қаласында А.І. Дощанованың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе: «Қостанай облысы Тексеру комиссиясының 2019 жылғы аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы».

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық білім, денсаулық сақтау, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының және Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілдері қатысты.

Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы          Д.А. Костюков өз сөзінде облыстың бірқатар өңірлеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын айтты. Ұсынылған деректер бойынша депутаттарда облыс өңірлерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – АДБ) әзірлеу және іске асыру сапасы жөнінен бірқатар сұрақтар туындады.

Мәселен, комиссия төрағасы А.І. Дощанова өңірдегі орын алып отырған проблемалық мәселелерді ескере отырып, АДБ-ны әзірлеудің маңыздылығын атап өтті және өңірлік АДБ-ның нысаналы индикаторлары облыстық және республикалық деңгейдегі бағдарламалық және стратегиялық құжаттармен сәйкес келуі тиіс екенін ерекше атады.

Өз кезегінде мәслихат депутаты Г.А. Капенова нысаналы индикаторларға қол жеткізуде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Мысал ретінде депутат білім басқармасы (бұдан әрі – ББ) мен жастар саясаты мәселелері басқармасы (бұдан әрі – ЖСМБ) жұмыс істейтін жастар саласын келтірді. Егер ББ 17 жасқа дейінгі жастар бойынша мониторингтік деректерді есепке алатын болса, ал ЖСМБ-да 17 жастан кейінгі жастарды бақылау тетіктері жоқ.

Талқылау барысында депутаттар мәслихат комиссияларының барлық отырыстарында АДБ проблемалық мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдау туралы шешім қабылдады.

Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, ұсыныстар берілді.