2020 жығы 28 ақпанда облыстық мәслихаттың  білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» жоспарлы мәселені қарау бойынша отырысы болып өтті.

Комиссия жұмысына комиссия төрайымы Булгацевич Т.Б. облыстық мәслихаттың депутаттары: Смышляева Е.В.,  Дмитриева И.Н., Ахметов М.Ж., Жаманбалин Қ.Қ., Ақышев С.С., Есенгелдинов А.Т., Кайыбжанов Е.Ж., Малышко Ю.М., Маратов Р.М., Өтеулин Н.А., Жансүгірова А.Б., Семейкин В.И., Хабиев А.Н., Кайкенов Т.Е. қатысты.

Осы бағдарламаны іске асыру бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.Т. Хусаинова, «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Р.Б. Горянная, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Т. Нұрғазин, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы А.С. Хайруллина баяндама жасады.

Алдын ала 2020 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихаттың депутаттары бірқатар объектілерге барып шықты, бұл Куджулова Д.Ж., АӘК алушы болып табылады, 2017 жылы «модельер-пішуші» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарда оқудан өтті, 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтті, киім тігу және жөндеу бойынша тігін шеберханасын ашуға 100 АЕК көлемінде грант алды.

ЖК «Алим Данияр Сапарович», екінші бағыт шеңберінде шағын кредит берудің қатысушысы болып табылады. Жұмыс істеп жүрген жас кәсіпкер. Тауарларының негізгі түрлері – тамақ өнімдері және тұрмыстық химия.

         ЖК «Искакова Айгерим Амирбековна», екінші бағыт шеңберінде шағын кредит берудің қатысушысы болып табылады. Сыртқы киім (пальто, курткілер), сол сияқты әртүрлі мақсаттағы киім (ұлттық, күнделікті, сәнді және т.с.с.) тігу өндірісі.

Өткізілген кездесулер барысында, бағдарламаға қатысушылар өздерінің жетістіктерімен, сондай-ақ болашаққа арналған жоспарларымен және мемлекеттік бағдарламаға қатысудың келешегімен бөлісті, ал депутаттар Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берді.

Қарау қорытындысы бойынша комиссия жалпы алғанда облыста оны іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатыр, Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар берілді деген қаулы қабылдады.

Депутаттар сондай-ақ проблемалық мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен өтініштер даярлайтын болады.