2019 жылғы 24 мамырда Рудный қаласында Т. Б. Булгацевич төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті, күн тәртібі: «Рудный қаласында отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету». Комиссия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары: И. Н. Дмитриева, Т. Е. Қайкенов, Е. В. Смышляева, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Сакредина,  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ орынбасары А. Ж. Баймақанова  қатысты.

Комиссия отырысы қалалық мәслихат депутаттарының, Рудный қаласы Қоғамдық кеңесінің, Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.

Отырыс шеңберінде депутаттар 4 объектіге барды: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Рудный арнайы мектеп-интернаты» КММ, «Рудный жасөспірімдер үйі» КММ, «Орталық нерв жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған балалар үйі» КММ және 6 асырап алушы балалардың қамқоршылары мен патронаттық тәрбиешілері болып табылатын Жигулиндердің қамқор отбасына барды.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары қаланың білім беру жүйесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға, оқытуға және тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіптік бағдар беру және Мемлекеттік мекемелердің тәрбиеленушілерін жұмысқа орналастыру мәселесіне назар аударылады.

Отырыс барысында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау және білім беру мемлекеттік мекемелеріне тиісті ұсыныстар берілді.