Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы

№ 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі – Үлгі ереже) 12-тармағына сәйкес, ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан байқаушылар қатыса алады.

Байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген тұлға мемлекеттік органға («Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ) немесе Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа бақылаушы ретінде қатысу үшін электрондық поштаға өтініш береді.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, 2019 жылғы 08 қаңтарда сағат 09.00-ден 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 509-кабинет, тел: 575600, 575605. Электрондық пошта адресі: oblmaslichat@kostanay.kz ескерту. Қосымша ақпарат телефондары: 575600, 575605

Өтініш үлгісі.