Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастардың проблемалық мәселелерінің бірі – тұрғын үй сатып алу туралы айтты.

Проблемалық мәселенің шешімі ретінде басқарма басшысы жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз негізде беру жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Бүгінгі таңда осындай жұмыс тәжірибесі Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ,  Нұр-Сұлтан қаласында «Elorda Zhastary» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады және мәслихат сессиясының қарауына енгізді.