2019 жылғы 9 сәуірде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Мәслихат хатшысына депутат ретінде төрт адам азық-түлікпен көмек көрсету және мүгедектер арбасын алу мәселелері бойынша көмек сұрады.

Депутатқа қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініш білдірген жалғыз басты аналарға Светлана Акимовна Исаева мен Нина Юрьевна Пестреецоваға азық-түлік себеттері: қант, ұн, жарма, шай, май берілді. Н.Ю.  Пестрецова жұмыс істемейді, алты бала тәрбиелеуде. Ең кішісі 8 айлық.

Басқа ана С.Р. Исаеваның жағдайы оңай емес, жұмыс істей алмайды, өйткені 2-ші топтағы мүгедек баланы бағып отыр.

Келесі өтініш беруші Арқалық қаласынан 1-ші топ мүгедегі Сарин Серік Аманжолұлы болды. Ол мүгедектерге арналған арба сатып алуға көмек  сұрады.

Өтініш берушілердің барлық өтініштері оң шешім тапты.   Олар өз алғыстарын білдірді. Үйлеріне тамақ өнімдерін тасымалдау ұйымдастырылды.

Депутаттың қабылдауы іскерлік жағдайда өтті.