2018 жылғы 14 қыркүйекте облыстық мәслихатының жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті, онда «Науырзым ауданында жастар саясаты саласында ҮЕҰ, мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен өзара байланысы туралы» жоспарлы мәселе қаралды.

Көшпелі комиссия жұмысына комиссия төрағасы Г.А. Капенова және облыстық мәслихаттың депутаттары А.М. Даданова, А.Б.Жансүгірова, В.И. Семейкин Н.И. Таран қатысты.

Көшпелі отырыстың бағдарламасына сәйкес депутаттар Науырзым ауыл шаруашылығы колледжіне барды, диалог алаңы аудан жастарының қатысуымен өтті. Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері аудиторияның жоғары қызығушылығын туғызды.

Сонымен қатар мәслихат депутаттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған аудандық тарихи-өлкетану мұражайын аралап, аудандық кітапхана қызметімен танысып, «Кітап сыйла» атты акция өткізіп, Қазақстан тарихының ұлы қайраткерлеріне арналған кітаптарды және авторлары Қостанай облысының қайраткерлері болып табылатын «Достық туралы ертегілер» ертегілер жинағын табыстады.

Депутаттар балалар мен жасөспірімдер экологиялық туризмін дамытуды зерттеу мақсатында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы сапар-орталығына кіріп шықты.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында депутаттар азаматтарды қабылдау өткізді, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі бойынша жұмыс істейтін жастарға консультативтік көмек көрсетті. Сондай-ақ, азаматтардың бірінің өтініштері бойынша «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алумен байланысты проблемалық мәселені шешуде депутаттармен көмек көрсетілді.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіндегі «Науырзым ауданында жастар саясаты саласында ҮЕҰ, мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен өзара байланысы туралы» негізгі мәселені қарау аудандық әкімдікте өтті. Отырысқа Науырзым ауданының әкімі Т.Т. Карбозов, Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Г.Е. Әбенова, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның ауыл және ауылдық округ әкімдері, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары, жұмысшы жастар, соның ішінде «Дипломмен-ауылға!» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қатысушылары қатысты.

Жалпы, отырыс қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары анықталды. Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша белгіленген мерзімдерімен және оны орындау бойынша тиісті қаулысы қабылданатын болады.