2018 жылғы 28 мамырда Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Мәслихат хатшысына депутат ретінде алты адам көмек сұрап келді. Облыстық мәслихат депутаты әр мәселе бойынша жеке талдады. Білікті кеңес алу үшін қабылдауға Мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.

Партияның қоғамдық қабылдауына азаматтар балабақшаға кезектілік, жер және тұрғын үй мәселелері бойынша, сондай-ақ № 3 емхана әкімшілігіне шағымданды.

Қабылдауға келген барлық азаматтар сол жерде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен білікті көмек ала алды. Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешімді Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы бақылауға алды.