2019 жылғы 27 наурызда Қ. Қ. Жаманбалиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, онда  «Қостанай қаласындағы учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы» жоспарлы мәселе қаралды.

Комиссия жұмысына: Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы, қалалық білім бөлімінің және Қостанай қ. КҚПБ өкілдері, , Қашар полиция бөлімшесі өкілдерімен жасағы «Бүркіт «полицияның жас көмекшілері» кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қатысты.

Отырыс алдында Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Қостанай қаласының «Батыс», «Текстиль», «Оңтүстік» сияқты бірнеше тірек пункттерін аралады, онда жағдаймен және материалдық-техникалық жарақтармен танысты. «Оңтүстік» тірек пункті күрделі жөндеуді қажет ететінін атап өту керек. Шатырдан су ағады, жаңбырдан кейін барлық техника істен шығады.

Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Б.К.Тасовтың есебінде кадр жетіспеушілігі проблемаларына назар аударылды. Учаскелік полиция инспекторларының қажетті штаттық саны 119 адам болса, қазіргі уақытта қалада барлығы 65 учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс істейді.  Компьютерлік техника, жеңіл автомобильдер жетіспейді.

Сондай-ақ депутаттар алдында Қостанай қаласының үздік учаскелік инспекторы Е.Ж.Тоқаев сөз сөйледі, ол өз жұмысы және қызметті ұйымдастыру мәселелері туралы әңгімеледі.

«Бүркіт» полицияның жас көмекшілері жасағының өкілдерімен отырысқа келген Қашар полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы,  полиция аға лейтенанты Е. О. Барамбаевтың ақпараты ең көп талқылау тудырды.

Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің, Рудный қаласының білім басқармасының қолдауымен «Качарское № 1 орта мектебінің» базасында Барамбаев Ермек Оразбайұлының бастамасымен девиантты мінез-құлқы бар балалардан тұратын аталмыш құрам құрылды. Аға полиция лейтенантының жұмысы депутаттарды, құқық қорғау және білім беру ұйымдарының өкілдерін қызықтырды. Қостанай қаласының полиция бөлімі мен білім бөліміне осы тәжірибені зерделеу ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.