ММ «Қостанай облысы мәслихатының аппараты» Қостанай облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы 2019 жылғы 5 ақпанда сағат 9.30 (уақыты нақтылануда) өтетіні туралы хабарлайды мына мекенжай бойынша: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66-үй, 509 кабинет. Тел 575600, 575605.

Отырыстың күн тәртібі: Қостанай облысы Қоғамдық кеңес мүшелілігіне кандидаттар  бойынша келіп түскен құжаттарды талқылау; Қостанай облысының Қоғамдық кеңесіне  әр кандидатқа ашық дауыс беру; Қостанай облысы Қоғамдық кеңестің құрамын мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізу; Қостанай облысы Қоғамдық кеңестің бірінші ұйымдастыру отырысын өткізу мерзімдері туралы.