«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ереженің (бұдан әрі-Үлгі ереже) 8-тармағына сәйкес «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 8 қаңтардағы сағат 09.00-ден 2019 жылғы 14 қаңтардағы сағат 17.00-ге дейін Қостанай облысы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі-Жұмыс тобы) құрамына кандидаттар бойынша құжаттар қабылдайды.

Үлгілік ереженің 6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № _ _ _ өкімімен 7 адамнан тұратын жұмыс тобының сандық құрамы анықталды, мемлекеттік органдардың өкілдері – 2 адам, коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар – 5 адам.        Азаматтық қоғам атынан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттар жазбаша нысанда 2019 жылғы 8 қаңтарда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 509-кабинет, тел: 575600, 575605. Электрондық пошта адресі: oblmaslichat@kostanay.kz ескерту. Қосымша ақпарат телефондары: 575600, 575605

Ұсыныс пен өтініштің үлгілері.