Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Дәл осы күні Қазақстанда алғашқы президенттік сайлау өтті. Еліміздің барлық азаматтары еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс бере отырып, тарихи таңдау бірлігінің үлгісін көрсетті.

Бұл мереке тәуелсіз Қазақстанның барлық тұрғындары үшін барша қазақстандықтарға таңдау бірлігінің маңызды кезеңін білдіре отырып, этностық және діни тиесілілігіне қарамастан барлық қазақстандықтарды топтастыруға ықпал ете отырып, баршамызды экономикалық және әлеуметтік жаңғырту міндеттерін іске асыруға жұмылдыра отырып, Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылысы мен жасампаздығына қосқан зор үлесін тағы бір рет атап көрсетеді. Бұл халықтың Тұңғыш Президентке деген құрметі, алғыс білдіруі, біздің қазақстандық жолымызды тағы бір рет ұғыну мүмкіндігі.

Мереке құтты болсын, қымбатты қостанайлықтар! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен келісім тілеймін!

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы С. Ещанов