Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріккен және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтардың мерекесі. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дана басшылығымен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған саясат жалғасын тапты. Осы жылдар ішінде еліміз қиын жолдан – жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі күні Қазақстан болашаққа нық сеніммен қарайтын егемен мемлекет ретінде қалыптасты.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, табыс және Сіздерге және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!

 

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                    С. Ещанов