Құрметті  қостанайлықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Артқа қарап, біз өткен жылдың қорытындысын шығарып жатырмыз. Барша қазақстандықтар үшін қиын жыл болғанымен, бұл әрқайсымыз үшін қымбат болып қала бермек. Мемлекет басшысының жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған саясаты мен қолдауының арқасында экономикада жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында біз белгілі бір биіктерге жеттік. Мұнда қостанайлықтардың да айтарлықтай қосқан үлесі бар. Біздің аймақ қиындықтарды жеңе отырып, қол жеткізген барлық нәрсе – бұл біздің Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ жұмысымыздың нәтижесі.

Бізді алда үлкен істер күтіп тұр! Жаңа ауқымды жобаларды іске асыру міндеті тұр. Бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ екенін әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ойлағанның барлығы міндетті түрде орындалады  деп сенемін.

Қымбатты қостанайлықтар! Келер жыл – баршамызға сәттілік және жақсы өзгерістер, қуаныш алып келсін, жақындарыңыздың жылуы мен қамқорына бөленіңіздер! Келер жылдағы табыс бұдан да елеулі, қиындықтар еңсеруге ыңғайлы, армандар асқақ болғай. Сіздерге денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С.Ещанов