Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен, ынтымақтастық, достық пен келісім мерекесімен құттықтаймын.

Жыл өткен сайын бұл мереке жаңа терең мазмұнмен толығып келеді және ұлты мен діни наным-сеніміне қарамастан біздің халқымыздың достығын, бірлігін паш етеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің басты байлығымыз бен игіліміз болып табылады. Біздің халқымыздың барлық талпыныстары бірегей.

Мереке құтты болсын, қымбатты қостанайлықтар! Әрбір үйге бақыт, құт-береке, Отанымыздың игілігі үшін жасампаз еңбек және бейбіт аспан тілеймін!

 

Құрметпен,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                С. Ещанов