Жиналысты партияның Рудный қалалық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ирина Дмитриева жүргізді. Отырыс барысында төтенше жағдай кезінде атқарылған жұмыстар туралы сұрақтар қаралып, алдағы уақыттағы жұмыс жоспары бекітілді.
Онлайн жиын қорытындысы бойынша қала тұрғындарының ең түйіткілді мәселелерін анықтау мақсатында «Көмек алаңы» фронт-офисіне бару жоспарланған. СЖҚК мүшелері пандемия кезінде бағаның негізсіз көтерілуін анықтау үшін кәсіпкерлік бөліміне де барады.