Соғысқа қатысушылар мен ардагерлеріне құрмет көрсету,  сірә, ең қасиетті дәстүр. Біздің әрқайсымыз үшін 9 мамыр – ерекше мереке. Біздің ұрпақ 75 жылдан астам бейбіт аспан астында өмір сүріп, қалалар салып, егін жинап, бала өсіріп келеді.

Біз ұрыс даласында соғысқандардың алдында үлкен құрметпен басымызды иеміз.

Міне, бүгін Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтың үйіне барып шықты.

Ұлы Отан соғысына қатысушысына денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілей отырып, гүл шоғы мен ақшалай конверт табыс етілді.