Бүгін, ү. ж. 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Біздің депутат» республикалық газетінің бас директоры М. Б. Оразалин  Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Е. Ещановқа «Үздік мәслихат хатшысы» медалін табыс етті.

«Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша С. Е. Ещанов ел мәслихаттарының үздік хатшылары қатарына енді.