2019 жылғы 13 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Е. Ещанов және облыстық мәслихаттың депутаттары А. И. Дощанова, А.Т. Есенгелдинов, К. А. Маишев, В. И. Семейкин және Н. А. Өтеулин «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Биыл қабылдау «Баланы мектепке жинайық» қайырымдылық акциясы аясында өтті. Қаражаттың жоқтығынан барлық ата-аналар балаларды жаңа оқу жылына дайындай алмайды. Әсіресе көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан балаларға қиын. Биыл облыстық мәслихат депутаттарынан аз қамтамасыз етілген толық емес отбасылар көмек сұрады. Оларға кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетілді.  Жаңа оқу жылы қарсаңында мұндай материалдық қолдау уақытылы да қажет.

Көмек сұрап келген аналар өз проблемасына немқұрайлы қарамағандардың барлығына риза болды.