Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Мәслихат хатшысына, депутат ретінде, бірнеше адам өздерін толғандырған сұрақтарымен көмек сұрап жүгінді. Облыстық мәслихат депутаты әр мәселе бойынша өзі жеке талқылады. Білікті кеңес беру үшін қабылдауға «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Е. Ж. Айтмағанбетов, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысы Г.А. Колчанов, «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары Е.В. Киреева және Қостанай қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.В. Костенюк шақырылды.

Партияның қоғамдық қабылдауына азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді: Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің әкімшілігіне шағыммен, XXII Сурдоолимпиадалық ойындардың қола жүлдегерлері мен жетімдерге тұрғын үй беру мәселесі бойынша.

Қабылдауға келген барлық азаматтар сол жерде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен білікті көмек ала алды. Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешім Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Е. Ещанов және Қостанай қ. ТКШ басшысы Г. А. Колчанов тарапынан бақылауға алынды.