2021 жылғы 25 ақпанда ZOOM режимінде жаңадан сайланған депутаттар үшін оқыту семинары өтті.

Оны өткізу үшін Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілдері шақырылды.

Депутаттар облыс бюджетін қалыптастырудың негізгі кезеңдері, бюджет деңгейлері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, Тексеру комиссиясының қызметі және мәслихаттармен өзара іс-қимыл туралы білді.

Сондай-ақ, оларға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мәслихат регламентінің кейбір ережелері түсіндірілді.

Оқыту барысында депутаттар осы бағыттағы білімдерін жүйелендірді.