2021 жылғы 31 наурызда Ж.Е. Амантаевтың төрағалығымен ауылдық аумақтарды және аграрлық өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Күн тәртібінде «Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өңірде органикалық өнім өндірісін ұйымдастыру туралы» мәселе тұрды.

Депутаттар алдында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары С.Ә. Сағандықов сөз сөйледі. Ол біздің еліміз үшін экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі – ауыл шаруашылығын әртараптандыру жолдарының бірі екенін, оны іске асыру үшін көптеген шешілмеген проблемалар бар екенін түсіндірді.

Мәселелерді шешудің кейбір жолдары туралы депутаттар алдында «Органикалық егіншілік қауымдастығы» ЗТБ президенті В.В. Лопухин, «Азимут» ЖШС директоры, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары В.В. Хаданович, Федоров ауданының «Метелица» ШҚ және «Л.Н. Кузовая» ШҚ басшысы В.Н. Заверуха  сөз сөйледі.

Депутаттар талқылағаннан кейін отырыстың қорытындысы ұсынымдарымен бірге тиісті қаулының қабылдануы болды.