Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Қ.Қ. Жаманбалиннің төрағалық етуімен ауданның әлеуметтік саласының бірнеше объектілеріне – Большечураков ОМ, Алтынсарин ОАА, полиция бөлімі және Алтынсарин ауданының Қызмет көрсету орталығына барды.

«Nur Otan» партиясының Алтынсарин аудандық филиалының кеңсесінде облыстық мәслихат депутаттары А. М. Даданова мен Е. С. Давлетов азаматтарды қабылдады. Өтініш берушілер БЖСМ-де жөндеу жүргізу, газдандыру және жолдарды жөндеу қажеттілігі туралы мәселелермен жүгінді. Бағдарламаға сәйкес Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қ.Қ. Жаманбалиннің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті.  Күн тәртібінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде Алтынсарин ауданының құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды. Уәкілетті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары тұрақты комиссия мүшелеріне Б-Чураков ОМ күрделі жөндеуге және мектеп ғимаратынан қазандықты шығаруға, Алтынсарин АОА аумағында жылы Өткел құрылысына қатысты мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Осы айтылған мәселелерді шешу қажеттілігі бірнеше жыл бойы аудандық және облыстық деңгейде қарастырылды.

 

«Таза бұлақ» газеті 15.11.2019 ж.

№ 41

Б.О. Бидаулетова