Баспасөз релизі
Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерінбекіту туралы» шешімінің жобасы 2020 жылғы 7ақпандағы ашық нормативтік құқықтық актілерініңинтернет порталындаhttps://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3072650жарияланған.
Бұл баспасөз релизі Қостанай облыстық мәслихатыныңресми интернет-ресурсында және «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіруге пайдалану үшін.
- Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны) | гектар | 3089,6 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
жақсы | гектар | 3440 |
қанағаттанарлық | гектар | 2580 |
нашар | гектар | 2006 |
Мал жайылымы, соның шінде ауылшаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы: | ||
Ірі мал: ірі қара мал, жылқы | бір бас | 1605 |
Ірі қара малдың төлі | бір бас | 802 |
Есек | бір бас | 802 |
Ешкі | бір бас | 1404 |
Қой | бір бас | 401 |
Ара ұялары мен омарталар орналастыру | 1 омарта үшін | 2866,8 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
3-қосымша
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) | ||
1. | Қайың | ||
қабықтар | тонна | 0,016 | |
бұтақтар | тонна | 0,032 | |
томарлар | тонна | 0,008 | |
тамырлар | тонна | 0,048 | |
жапырақтар | тонна | 0,024 | |
бүршіктер | килограмм | 0,016 | |
2. | Қарағай | ||
қабықтар | тонна | 0,021 | |
бұтақтар | тонна | 0,042 | |
томарлар | тонна | 0,011 | |
тамырлар | тонна | 0,063 | |
жапырақтар | тонна | 0,032 | |
бүршіктер | килограмм | 0,021 | |
3. | Көктерек, терек | ||
қабықтар | тонна | 0,011 | |
бұтақтар | тонна | 0,022 | |
томарлар | тонна | 0,01 | |
тамырлар | тонна | 0,033 | |
жапырақтар | тонна | 0,02 | |
бүршіктер | килограмм | 0,011 | |
4. | Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары | тонна | 0,024 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
4-қосымша
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіруге пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі | |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану | ||
Ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін | гектар | жылына 0 теңге |
Аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін пайдалану | гектар |
жылына 2866,8 теңге
|
Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | гектар | жылына 1433,4 теңге |
Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | гектар | жылына 5734 теңге |
Қысқа мерзімді орман пайдалану | ||
Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіші |
Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіші |