«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»       1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының  3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:

Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің Янушевка ауылы;

Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Шыбынды ауылы;

Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Киров ауылы.

  1. Таратылған елді мекендер енгізілсін:

Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің Янушевка ауылы Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің Владимировка ауылының құрамына;

Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Шыбынды ауылы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Антоновка ауылының құрамына;

Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Киров ауылы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің құрамына.

  1. Қайта құрылсын:

Целинный ауылдық округі Қарасу ауданының Целинное ауылы және Прогресс ауылы болып;

Новоселов ауылдық округі Қарасу ауданының Новоселовка ауылы және Құндұзда ауылы болып;

Восток ауылдық округі Қарасу ауданының Восток ауылы, Жұмағұл ауылы, Майское ауылы және Тімтуір ауылы болып;

Железнодорожный ауылдық округі Қарасу ауданының Железнодорожное ауылы, Теректі ауылы, Жекекөл ауылы, Братское ауылы және Кұлеңсай ауылы болып.

  1. Бағыныстылығы өзгертілсін:

Целинное ауылы және Прогресс ауылы Қарасу ауданының Шолақашы ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып;

Новоселовка ауылы және Құндұзда ауылы Қарасу ауданының Ильичев ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып;

Евгенов ауылы Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып;

Мақсұт ауылы Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып;

Қосағал ауылы және Қ.Тұрғымбаев ауылы Әулиекөл ауданының Диев ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып.

  1. Құрылсын:

құрамында Жамбыл ауылы және Павловское ауылы бар Қарасу ауданының Жамбыл ауылдық округі болып;

құрамында Қарасу ауылы, Восток ауылы, Жұмағұл ауылы, Майское ауылы және Тімтуір ауылы бар Қарасу ауданының Қарасу ауылдық округі болып;

құрамында Октябрьское ауылы, Железнодорожное ауылы, Теректі ауылы, Жекекөл ауылы, Братское ауылы және Кұлеңсай ауылы бар Қарасу ауданының Октябрь ауылдық округі болып;

құрамында Милiсай ауылы және Шилi ауылы бар Жангелдин ауданының Шилi ауылдық округі болып.

  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                               А. Мұхамбетов

 

 

Қостанай облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                       

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                   С. Ещанов