Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау  туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы  8  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының         4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы    Республикалық    ономастика       комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысы   негізінде   Қостанай облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай қаласының атауы жоқ көшесіне Дмитрий Герасимовтың есімі берілсін.

2.Қостанай қаласының Юрий Гагарин көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

  1. Қостанай қаласының Гвардейская көшесі Юрий Гагарин көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                А. Мұхамбетов       

 

Қостанай облыстық мәслихаты                                        

сессиясының төрағасы                                                        

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                     С. Ещанов