«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша:
дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;
медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. «Митотан» препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
- «Стирипентол» препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Энтеральдық қоректендіруге арналған бейімделген емдік өнім, көмей стенозымен ауыратын азаматтарға.»;
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар»;
мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:
аспираторлық катетер;
асқазандық сүңгі;
трахеостомаға арналған жылуалмастырғыш;
энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.».
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.