«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-қосымша мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын (МН. ЧИСЛ):
«9. «Митотан» препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
- «Стирипентол» препараты, капсула, таблетка, Драве Синдромымен ауыратын азаматтарға.»;
2-қосымша мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Энтеральдық қорек беруге тамақтануға арналған бейімделген емдік өнім, өңеш стенозымен ауыратын азаматтарға.»;
3-қосымша мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«1. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар:
аспираторлық катетер;
асқазандық сүңгі;
трахеостомаға арналған жылуалмастырғыш;
энтеральдық қорек беруге тамақтануға арналған шприц» .
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов