Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 389 «Қостанай облысы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешіміне (2018 жылғы 5 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында «Молодая гвардия» сөздері «Молодая Гвардия» деген сөздермен ауыстырылсын, «Тобыл- Промышленный» сөздері «Мәңгілік Ел – Промышленный» деген сөздермен ауыстырылсын, «Родина кенті» сөздері «Родина ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.